Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арасында 114 ер мен 72 әйел бар: Құрылтай сайлауына "Әділет" партиясы ұсынған тізім жарияланды

21 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын "Әділет" партиясының партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Партия ұсынған тізімге 186 кандидат енген. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 45. Арасында 72 әйел мен 114 ер адам бар. 

Айта кетейік, "Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында ресми тіркеліп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген еді. 10 шілдеде өткен партияның кезектен тыс III Съезінде 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді жариялап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. "Әділет" партиясы Парламент сайлауына алғаш рет қатысқалы отыр. 

Құрылтай депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді. 

Толық тізімді мына материалдан оқи аласыздар:  https://t.me/adilet_partiyasy/286

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 21 Шілде, 2026 12:01