Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр балаға 560 теңге бөлінеді": Мектеп асханасы меңгерушілері Алматы әкіміне жүгінді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесін талқылап, қалалық бизнес өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Салалық қауымдастықтар және "Атамекен" ҰКП өкілдерімен кездесуде әкімнен бастауыш сынып оқушыларын тамақтандыру мәселесі бойынша қаржылық қолдау көрсету жағы сұралды.

"Алматыда 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру енгізілді. Балаға күніне 560 теңге есептеледі. Алайда, бүгінгі күні бұл сома жұмыс пен тамақ дайындауға кететін шығынды есептемегенде тек тамаққа ғана жетеді. Пандемиядан кейін кәсіпкерлер тіпті отбасын асырап, қамтамасыз ету үшін несие алып жатыр. Аванстық төлемдер мәселесін қарастыруға бола ма?", - деді қалалық бизнес өкілдерінің бірі.



Бұл сауалға Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап Алматыда алғаш рет бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылғанын айтып, жауап берді.

"Мен бұл шешімді жариялаған кезде кәсіпкерлер бұл жұмыстың үлкен жүктеме болатынын түсінеді деп ойладым. Жауапты құрылымдар бюджетті қалыптастыруда нарықтық бағаға бағытталды. Алайда бұл бағалаулар сәуір айында жүргізілгендіктен сіздің сұрағыңыз орынды қойылып отыр. Келесі жылдың бюджетін қалыптастырған кезде алдын ала төлеу мәселесін зерттеп, қарастыратын боламыз", - деді қала әкімі.

Талқылау