Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы цемент зауыты қашан жабылады: Әкім жауап берді

Алматылықтар үйлерінің жанында цемент зауытының жұмыс істегеніне наразы. Бұл туралы мәселені Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматылықтар 9 жыл болды үйлерінің жанындағы цемент зауытының жабылуына қол жеткізе алмай келеді. Қала тұрғынының айтуынша, сот барлық рұқсат құжаттарын қайтарып алу туралы шешім шығарып қойған.

"Алайда зауыт әлі жұмыс істеп тұр. Біз алты сотта жеңген едік. Бірақ қазір бәрі де орындаушының шешімін күтумен отыр", – дейді қала тұрғыны.

Қала басшысы соттың соңғы шешімі биыл 1 қыркүйекте шығарылғанын, алайда компанияның заңгерлері кассациялық шағым беріп жатқанын мәлімдеді.

"Қолданыстағы заңнама бойынша түпкілікті сот шешімі шығарылғанға дейін бізге шара қабылдауға болмайды. Бизнесті қорғаудың бүгінгі заңдары мен ережелері Алматы әкімінің өкілеттігі шектеулі екенін көрсетеді. Мен заңсыздықпен айналыса алмаймын. Керісінше, заң жүзінде жүргенімді көрсетуім керек. Егер сіз зауыттың жұмысын тоқтату жолын білсеңіз, айтыңыз. Мен қазір-ақ тапсырма берейін. Егер экологиялық заңнамада қатаң өзгерістер болса, біз зауыттың жұмысын бірден тоқтата алушы едік. Бірақ бұл мәселені біз сіздермен бірге Жоғарғы сотта шешетін боламыз", – деді Ерболат Досаев.

Талқылау