"Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің болжамынша апта соңына қарай батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін ыстық күтіледі. Республикада төтенше өрт қаупі бар.
Күндізгі ауа температурасы республиканың солтүстігі мен орталығында +30°С дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30-37°С дейін төмендейді. Республиканың батысында негізгі температуралық фон +25-35°С нөлден жоғары болады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі