Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple компаниясы жақында патенттеген смарт сақинаның ерекшелігін атады

Apple дененің кез келген бөлігіне тағуға болатын смарт сақинаны патенттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Appleinsider порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет Apple Smart Ring бейнероликтен скринделген

Құжат АҚШ-тың патенттер мен сауда белгілері жөніндегі кеңсесінің (USPTO) деректер базасында табылды. Сипаттамаға сәйкес, смарт құрылғы сақина пішініне ие. Бірақ оны саусаққа ғана емес, қажет болса, пайдаланушы оны білекке, тобыққа немесе дененің басқа бөлігіне кие алады.

Демек құрылғы пішінін өзгерте алатын икемді материалдан жасалуы мүмкін. Корпорация инженерлері құрылғыны басқаруға болатын қимылдарды да сипаттады. Гаджеттің тағы бір ерекшелігі қоршаған құрылғылармен өзара әрекеттесу функциясы.

Apple инженерлері смарт сақина пайдаланушының белсенділігі мен денсаулығына қатысты деректерді жинайтынын атап өтті. Оның дисплейі болмайтындықтан, барлық жиналған және өңделген ақпарат байланыстырылған смартфонның экранында көрсетіледі.

Талқылау