Apple компаниясы iPhone-дардың дисплей сапасын қолдан төмендетеді деп айыпталды
Apple корпорациясына тұтынушылар қаламаса да, iPhone-ның дисплей сапасын төмендетеді деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ice Universe есімді инсайдер Х желісінде жазба жариялаған. Сөзінше, мамандар бағдарламалық жаңартылым арқылы iPhone 16 Pro кадрлардың жаңару жиілігін төмендететінін анықтаған.
Автор iPhone телефонымен әлеуметтік желіні парақтап отырған. Телефонда кадрдың жаңару жиілігі 120 герц деп көрсетілсе де, уақыт өте ол 80 герцке дейін төмендеген. Мамандар мұны қосымша бағдарлама орнату арқылы анықтаған.
"Телефон уәде етілген 120 герцте ұзақ уақыт жұмыс істей алмайтын секілді", – деп жазды ол.
Ice Universe-тің сөзінше, iOS 18 бағдарламалық жаңартылымы жаңа смартфондарда жақсы жұмыс істегенімен, кадрлар біркелкі емес. Журналистердің сөзінше, Apple телефондары ұзақ уақыт қуаттамай жұмыс істеуі үшін осындай шешім қабылдаған.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді