Аппеляциялық сот Astana LRT құрылысындағы ақша жымқыру ісі бойынша үкімнің күшін жойды
Астаналық аппеляциялық сот алқасы Astana LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сот алқасы қаулы етеді: 2021 жыл 28 мамырдағы Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Қасабаев, Мусенов, Әбдіхамитовқа қатысты қылмыстың іс бойынша ауданаралық мамандандырылған сот үкімінің күші жойылсын. Қылмыстық істі Қылмыстық-процестік кодекстің 323 бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы прокурорына істі соттың қарауына кедергі келтіретін жағдайларды жою үшін қайтарылсын", - деді сот Абай Көкжалов
Сот айыпталушылардың қамауда қалатынын және бұлтартпау шараларының мерзімі істің прокуратураға түскен уақыттан 1 айға ұзартылатынын қосып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін сотталғандардың қорғаушылары үкімді заңсыз деп санайтынын мәлімдеген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі