Апалы-сіңілілер байқаусызда бір-бірінің жігіттеріне тұрмысқа шыққан
Үндістанның Мадхья-Прадештегі ауылында тұратын екі апалы-сіңлілі үйлену тойы кезінде электр қуатының өшіп қалуына байланысты байқаусызда бір-бірінің жігіттеріне үйленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірлескен неке қию рәсімі кезінде шамдар кенет сөніп қалған. Осыған қарамастан рәсімді жалғастырған діни қызметкер кездейсоқ жұптарды қараңғыда шатастырып алған.
Апалы-сіңлілердің әкесі Рамеш Лал екі қалыңдықтың да қызыл көйлек кигені және бет-әлпетін орамалмен жасырып тұрғаны түсінбеушілік тудырды деп болжайды. Алайда үндістандық қыздар өздері тұрмысқа шыққан күйеулерін тани ма, жоқ па, белгісіз.
Дәстүр бойынша үнділік ер адамдар да неке қию рәсімінде беттерін гүл пердемен жабады.
Кейінірек бұл жайт түзетілген.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”