Әнуар Сариев Токио Паралимпиадаcында күміс медаль жеңіп алды
Дзюдошы Әнуар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медальды салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол финалда әзербайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліп, 60 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Сариев алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан болатын. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті.
Паралимпиадаға қатысып жатқан қазақстандықтар еншісінде бір алтын жүлде бар. Кеше пауэрлифтингтен өткен додада Давыд Дегтярев жеңіске жеткен болатын.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған