Паралимпиада ойындары: Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Қазақстан 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиадалық ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.
Қазақстандық паралимпиадашы бірінші ретінде 170 келі, екіншісінде – 172, үшіншісінде – 174 келі көтерді.
Күмісті франциялық А.Борлоун, қоланы грекиялық Д.Бакорхристос иеленді.
Дегтярев – 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Айта кетелік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.
Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Ең жақсы талпынысында ол 83 келіні көтере алды.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту