Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Сержанәлі: Өзімнен 20 жас кіші қызға ғашық болып, алып қашып кеттім

Сержанәлі Әлібек өзінен 20 жас кіші жарымен қалай танысқанын айтып берді. Әнші арман қуып Алматыға келіп, өнер әлемінен бір-ақ шыққан. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Сержанәлі Әлібек жарына бір көргеннен ғашық болған. 40 жасында өзінен 20 жас кіші қызды жар еткен әнші оған қалай ғашық болғанын айтты.

“Әйеліммен тойда таныстым. Өнерді қуып жүріп жасым 40-қа қалай келгенін білмей қалдым. Үйленер шақта алдымда ағам болды. Оны күтіп жүрдім. Одан кейін ән жазып, студияда жүрдім. Солай уақыт өтіп кетіпті. Бірде бір қызбен ән жазатын болдым. Ол да ән айтады екен. Менімен дуэт орындайтын болды. Солай мен отырған тойға келді. Сол жерде таныстық. Бірақ ол қыз маған бірден ұнап қалды. Дуэт жайына қалып, үйленуді ойладым. Екі-үш айдың ішінде үйлендік. Ол қыздың келісімімен алып қашып кеттім. Ән де айтылмады. Солай өмірлік дуэтпіз. Қыз жағы дайын болмағандықтан Ұзату той болмады. Аяқ астынан үйлендік. Мен бұрыннан 20 жас кіші қыз аламын деп әзілдейтінмін. Періште әумин деді ме, тағдырыма сол қыз бұйырыпты. Аллаға шүкір деймін”, –деді Сержанәлі.

Әнші алдағы уақытта да әйелімен ән айтып, ел алдына алып шығуға қарсы емес. Жарының сұлулығына ғана емес, мінезіне де ғашық болған ол әйелінің өнерлі екенін айтып қалды. 

“Оны елге танытуға, бірге ән айтуға қарсы емеспін. Ол ән айту үшін Алматыға келген. Мінезі салмақты. Сіз деп сыйлап тұрады. Барлық жағынан мінезі сай келеді. Нағыз мен іздеген ару”, – деп мақтауын асырды. 

Сержанәлі Әлібек дәл қазіргідей бала күнінде де салмақты, томаға-тұйық бала болған. Бала болып бұзықтық жасаған жоқпын дейді. Сабақтан қалмайтын, мұғалімнің айтқанын екі етпейтін оқушы болғанға ұқсайды.


Сержанәлі Әлібек: Алматыға келген соң қарызға көлік алып, таксист болдым

Талқылау