Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сержанәлі Әлібек: Алматыға келген соң қарызға көлік алып, таксист болдым

Сержанәлі Әлібек – ерекше сырлы, лирикалық әндердің орындаушысы. Әнші балалық шағы, отбасы мен шығармашылығы жайлы сөйлесті. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Сержанәлі Әлібек – сезімге толы сыршыл әндердің орындаушысы. Ол болмысына сай әндер айтады. Өзінің де сазгерлік өнері бар. Алайда көп ән жаза бермейді. Ең сүйікті әні – алғашқы “Ғашық жүрек” әні.

“Мен бала күнімнен әнші болсам екен деп армандағанмын. Бірақ , шынында, үлкен сахнаға шығамын деп ойлаған жоқпын. Әнші боламын деген арман ғана болды. Ақша болған жоқ, жағдай келген жоқ. Тек әндерім сәтті болып, жақсы тыңдалып кетті. Ең алғашқы “Ғашық жүрек” әні маған сонша ұнайды. “Мен сені жақсы көрем” әнін де жақсы көрем.

“Моншақты” әнін Бауыржан Есебаев ағам сыйға берді. Ол тойда билететін ән болды. Бастапқыда тегін берсе де, бас тарттым. Себебі көңіліме ұнамады. Мен өзі лирикалық әндерді айтатын болғандықтан, жеңіл ән секілді көрінді. Бірақ Бауыржан ағадан алып, жаздырып қойдым. Жазған соң да айтпай жүрдім. Кейін хит болып кетті. Әлі күнге дейін тойда шырқалады” – дейді әнші. 

Сержанәліге алғаш Арман Бексұлтан хабарласып, алғашқы әнін жазуға көмектескен. Әнші ән жазуға қалтасында ақша болмаған күндерін еске алды. 

“Арман Бексұлтан хабарласып, ұсыныс айтты. Әлдекімдерден естіген екен. Даусымды ұнатқан. Солай алғашқы әнімді жазуға көмектесті. Одан кейін екі әнімді өзім жаздым. Ол үшін көлігімді саттым. Алматыға келгенде қарызға көлік алып, таксист болған едім. Сол көлігімді саттым. Ән жаздым”, – дейді ол. 

Ал “Кім едің?” әнін дуэт болып айту үшін Ақбота Керімбекова хабарласқаны белгілі болды. 

“Ақбота да лирик қой. Ол да менімен әуендес әндерді шырқайды. Менің осы әнімді ұнатыпты. Бірге айтуға ұсыныс айтты. Мен келістім. Солай бірге шықтық. Хит болмаса да, елдің құлағында қалды”, – дейді Әлібек.


40-тан асқанда өзінен 20 жас кіші аруға үйленген қазақ әншісі алғаш рет әке атанды

Талқылау