Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40-тан асқанда өзінен 20 жас кіші аруға үйленген қазақ әншісі алғаш рет әке атанды

Әнші Сержанәлі Әлібек өзінен 20 жас кіші Ақбаян есімді аруды жар еткен еді. Ғашықтардың тойы биыл ғана өткенімен, жас келіннің беті былтыр ашылғаны белгілі болды. Бүгінде жасы 40-тан асқан әнші алғаш рет әке атанып отыр, деп жазады Stan.kz.

40 жастан асқанда өзінен 20 жас кіші аруға үйленген қазақ әншісі алғаш рет әке атанды

Бұл туралы Сержанәлі Әлібек Instagram желісіндегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Белгілі болғандай, әншінің жары шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген.

«Анаңа, анаңа, анаңа, сонан соң әкеңе жақсылық жаса деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші, достар.

Алла берген жан жарыма рахмет. Бүгін – біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар болсын, Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл силады. Сүйінші, ағайындар, сүйінші! Әке болғаныма сенбей отырмын», – деп қуанышымен бөлісті әнші.

Өз кезегінде желі қолданушылары жарыса «бауы берік болсын» десіп, ақ тілектерін жаудыруда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Сержанәлі өзінен 20 жас кіші келіншегі туралы айтып берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау