Әнші сахнада тауықтың тамағын кесіп, қанын ішкені үшін істі болды
Үндістанда жануарлар құқығын қорғаушылар әнші Кон Вайя Сон тауыққа қиянат жасағаны үшін құқық қорғау органдарына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Economic Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: mk.ru
Аруначал-Прадеш штатының Итанагар қаласында өткен концертте Сон сахнада тауықтың тамағын тіліп, қанын ішкен. Жануарларға этикалық қатынасты жақтайтын адамдар (PETA) ұйымы оқиға туралы біліп, полицияға хабарлады.
Жануарлар құқығын қорғаушылар жануарларға қатыгездік көрсету адамның психологиялық бұзылыстарын және адамдарға зиян тигізгісі келетінін көрсетуі мүмкін деп түсіндірді. Ұйымның мәліметінше, жануарларды азаптағандар басқа да қылмыстар жасайды деген сөз.
PETA материалдарын қарап шыққан полиция Сонға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"