Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Qanay сахнаға ішіп шыққан өнердегі әріптестеріне қатысты пікір білдірді

Көпшілікке “Qanay” лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанай Асхат Садырбайға берген сұхбатында мас болып сахнада өнер көрсеткен әріптестері жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Сахнаға ішіп, шегіп шыққан өнер жұлдыздарының әрекетін қалай ақтап алса болады?” деген сұраққа әнші: “Түнгі клуб сияқты ішіп шығатын жерлер болады. Онда бәрі ішеді. Соның буымен жүресің ғой. Ал үлкен сахнаға мас күйде шығуға болмайды деп ойлаймын. “Ирина Қайратовна” тобының форматы сондай ғой. Рэп орындаушылары болғаннан кейін бе екен, әндері де соған сай”, – дейді Qanay. 

Өнер иесінің айтуынша, қазақтың туын алып, сахнаға ішіп шығып, сынға қалған әріптестерінің қатты мас болып қалғанын мойындады. Алайда ішімдіктің қызуы мен жанкүйерлердің буына мастанған өнер жұлдыздарын түсінуге тырысты.

Айта кетейік, “Shiza” деген лақап атпен таныммал Асхат Жолшиев пен “Ирина Қайратовна” тобының мүшесі көк туды сахнаға мас күйде алып шығып, көптің сынына қалған болатын.  

 

Талқылау