Әнші Мұхамедәли Жүгінісов: Қайрат Нұртаспен ешқашан дуэт жазбаймын, оның әндері мүлде ұнамайды
"Ағайынды Жүгінісовтер" тобының ең кенжесі Мұхамедәлі Жүгінісов қазіргі қазақ шоу-бизнесі жайлы айтты. Атап айтқанда, Қайрат Нұртастың шығармашылығы жайлы сөз қозғады. Әншінің пікірін Қайраттың жанкүйерлеріне ұнамай қалса керек.
Бұл туралы Shownews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұхамедәли Жүгінісов отандық шоу-бизнестің жас мүшесі. Ол өз бағытын ерекше санайды. Сондықтан болар кей әншілердің шығармашылығын ұнатпайды. Мәселен, отандық шоу-бизнестің алдыңғы қатарлы жұлдызы Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға мүлде құлқы жоқ. Себебі...
"Маған Қайрат Нұртастың шығармашылығы ұнамайды. Себебі менің бағытым басқа, онікі басқа. Қайратпен дуэт жазбаймын ешқашан. Оның бағыты маған келмейді. Өз бағыты өзіне ұнайтын шығар. Жанкүйерлері, тыңдармандары мені сынға алатын болар. Түсіндіріп өтейін, Қайрат Нұртастың бағыты маған келмейді. Сондықтан ұнамайды. Дұрыс түсініңіздер. Қайраттың "Арман" деген әні ғана маған ұнайды", - деді әнші.
"Мұнда анам мен әкемнің еңбегі қалды": Қайрат Нұртас қара шаңырағына барып, бала күнін еске алды
Мұхамедәлі сол жерде Қайраттың "Арман" әнін шырқап берді.
Айтқанындай желідегі тыңдармандар Қайрат Нұртастың жақтап шықты.
"Алдымен Қайрат Нұртас секілді бол", "Қайрат секілді әндер жаз, хит әндерді шырқа, сосын сынайсың", "Қайрат қашанда бірінші, оның тыңдармандары көп", "Әркімнің өзінше талғамы бар ғой, біреуді ұнатуға ешкім міндетті емес", деп жазды олар.
Мұхамедәли Жүгінісов ресейлік Игор Крутой ұйымдастырған "Таланттар шайқасы" байқауында топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлаған еді.