Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші кімнің тойында өнер көрсетті: Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында тұрып ән салды (видео)

Серікбол Сайлаубек тойда қарулы бір топ күзет арасында тұрып өнер көрсетті. Оқиғаны ІІМ тексеруде.

Әнші мұндай жағдайға қалай тап болғанын өзі де білмейді. Айтуынша, тойда өзбек әншісі Юлдуз Усманова да ән айтқан. 

“Негізінде тойға жалғыз барып, жалғыз қайтқам. Тойда өзбек әншісі Юлдуз Усманова да өнер көрсетті. Бізге оққағармен жүру бақыты қайда”, – деп жазды Сайлаубек парақшасында видеоны жариялап.

Мәліметке сәйкес, видео Түркістан облысының Сарыағаш қаласында түсірілген.

Қарулы топ жеке күзет агенттігінің қызметкерлері болуы мүмкін.
Той иелері не себепті қарулы күзетті тойға қойды? Бұл оқиғаны ІІМ тексеріп жатыр.
Желі қолданушылары мұны өзбек әншісі үшін қойылған күзет деп болжады. Бірі мақтан үшін жасалған дарақылық деп бағалады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау