Әнші Ақбота Керімбекова лауазымды қызметке тағайындалды
Танымал қазақстандық әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласында лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ие болды.
Бұл туралы Instagram-да Ақбота Керімбекованың құрбысы - композитор Индира Елубаева жазды.
- "Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен": Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен неліктен ажырасқанын айтты
- Ақбота Керімбекова: Бір ай жылап күйзелісте жүрдім
- "Жалғыз емеспін": Ақбота Керімбекова төртінші мәрте тұрмыс құрмақ па?
"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып,жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!", - деді Индира Елубаева.
Бұған дейін танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қаласында қызметке тағайындалғаны хабарланды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған