"Жалғыз емеспін": Ақбота Керімбекова төртінші мәрте тұрмыс құрмақ па?
Танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті. Өнер иесі төртінші рет тұрмыс құрса, таңғалмаңыз. Әншінің айтуынша, бүгінде көңіл жарастырған азаматы бар.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақбота Керімбекованың бұған дейін үш рет тұрмыс құрғаны көпшілікке белгілі. Әнші екі жыл бұрын үшінші мәрте тұрмысқа шығып, алайда некесі сәтсіз аяқталған еді.
Бұған дейінгі некелерінің баянсыз болғанына қарамастан, Ақбота ханым жар бақытын сезінуден үмітін үзбейтін сияқты. Өз сөзінде ол көңіл жарастырған азаматы бар екенін айтып қалды. Алайда ендігі жеке өмірі туралы жақ ашпайтынын жеткізді.
«Астарлап айтып тұрмын ғой. Жалғыз емеспін. Ол кісі жайлы ештеңе айтпай-ақ қояйын. Жеке өмірім туралы енді ештеңе айтпаймын. Тыныш өмір сүріп жатырмыз», - дейді Керімбекова.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге