Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қаласында жаңа лауазымға ие болды

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қаласында қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме беріп. 

Майра Мұхамедқызы қалалық опера және балет театрының басшысы болып тағайындалды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мекеме ұжымына қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын таныстырды.


Сәкен Майғазиев Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды 


Майра Мұхамедқызы-Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Отан" ордендерінің иегері, "Тарлан" сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оны Қазақстаннан шыққан Париждік "Гранд Операның" алғашқы және жалғыз солисті деп атайды. Көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты.

Шымкент қалалық опера және балет театрын әлемдегі ең жас опера театрларының бірі деп атайды. Ол 2008 жылы ашылды. Театр репертуарында ұлттық композиторлардың шығармалары және әлемдік классика бар. Бұған дейін театр директоры Әбдіхан Нұрмаханбетов болған еді.

Талқылау