Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: Бір ай жылап күйзелісте жүрдім

Ақбота Керімбекова күйзелістен әрең шыққанын айтты. 20 жыл жинаған абыройым айрандай болды деп ақталды. Өзіме қатысы жоқ іс үшін басым бәлеге қалды дейді әнші. Бұл бір кездері шу болған лотерея ойындарына қатысты. 

Бұл туралы Ойбай шоуда айтылды. 

Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожа лотерея ойынын жарнамалаймын деп басы дауға қалды. Отандық бағдарлама лотереяның ақ-қарасын анықтап көрді.

Ернар Айдар, Роза Әлқожа, Ақбота Керімбекова ел ішінде алаяқ атанды. Оларды жақтағандарда, ақтағандарда, қас қылғандар да бар. 

"Менің 20 жыл жинаған абыройым бір-ақ күнде төгілді. Халық еркелетіп, алақанында ұстап жүрген Ақбота алаяқ атанып кетті. Бұл іске түк қатысымыз жоқ еді. Мен де, Роза да арам оймен жарнама жасаған жоқпыз. Мен бұның заңсыз екенін, арам пиғылы бар адамдар екенін білген жоқпын. Бір қазақ болса да, үйі болса екен дедім. Алла куә. Сол үшін жарнама жасадым. Менің конкурсым емес. Ешкімді инвестор бол деп жарнамалаған жоқпыз. Гив басқа, лотерея, инвестор басқа тақырып. Бір істің анық-қанығын білмей жатып жала жабуға болмайды. Мен ойынға ақша тіккен 10 адамның ақшасын қайтарып бердім. Сол үшін де жаманатты болдым. Біреуге жақсылық жасасақ та жақпайтын болғанбыз", - деді әнші.



Керімбекова бұл ойынға қатысты ашық ойын айтып, ақталған емес. Себебі уақытын күткен. 

"Ол кезде қанша ақталғанымен бізді ешкім тыңдай қоймайтын еді. Жанталап, күйе жаға беретін болған соң жауап бермедім. Айтатын уақыты келгенде айтамын дедім. Маған әркімнен жаман сөз есту оңай болған жоқ. Жеке басыма тиетін сөздер айтылды. Бір ай жылап,күйзелісте жүрдім. Абыройыма нұқсан келді деп налыдым. Ақыры сабыр еттім. Сабырмен бәрі реттеледі. Ақырын күтейін, уақыты келгенде жағдайды түсіндіреміз деп өзімді жұбаттым", - деді әнші. 

Керімбекова журналист болсын, желі қолданушысы болсын жеке басына сын айтқандарды сотқа берем деп жазба жариялаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр