Әнші 2Rar: "Еріксіз барлығын жаңадан бастаймын"
Көпшілікке 2Rar лақап атымен танылған әнші Тұрар Ыдырыс сахнаға тың жаңалығымен, жаңа есіммен оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/turar__ydyrys
Лақап атын “Turar” деп өзгерткен әншінің әндері YouTube желісінен өшірілген. Сахнадан көрінбей кеткен өнер иесі тыңдармандарының шығармашылыққа байланысты сұрақтарына жауап берді.
“Қайда жоқ болып кеттің? YouTube-тағы әндерің қайда? Неге 2Rar емес? Жаңа әндерің қашан шығады? Барлық сұраққа жауап беремін. Мен оралдым! Жаңа әндер. Жаңа альбом. Жаңа есім”, – деп жазды Тұрар.
Жас әнші бірден жақсы жаңалығымен бөлісті. Барлығын жаңадан бастаған Turar алғашқы әніне бейнебаян түсіріп үлгерген.
“Бірден жақсы жаңалықпен бастайын. Мен еріксіз барлығын жаңадан бастаймын. Онда жаңа деңгейге өту керек”, – деп жазба қалдырды ол
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн