Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Англияда «Симпсондар» мультфильмінің көмегімен жиырмадан астам қылмыскер тұтқындалды

«Симпсондар» мультфильм кейіпкерінінің әдісін қолданған Оңтүстік Йоркшир полициясы 21 қылмыскерді тұтқындады, деп хабарлайды Independent басылымына сілтеп Stan.kz.

Көп уақыттан бері іздеуде болған қылмыскерлердің тұруы ықтимал мекен жайына  полиция тегін жаңа жылдық сыйлыққа қол жеткізу туралы хабарлама жіберген. Ал сыйлықты алатын адам жеткізу қызметіне өзі туралы мәліметтер беруі тиіс. Алайда қылмыскерлердің үйіне жеткізушінің орнына полиция қызметкерлері басып кірген.

Полицейлер қолданған қылмыскерлерді құрықтаудың жаңа әдісі туралы хабардар болған желі қолданушылары бірден «Симпсондар» мультфильміндегі полиция басшысы Виггамды еске алды. Аталған кейіпкер іздеудегі қылмыскерлердің мекен жайына тегін қайық берілетіні туралы хабарлама жіберген еді. Ал полицияның бұл әдісі бірден нәтижесін берді.

Алайда Оңтүстік Йоркшир полицейлері аталған деректі әзірге растаған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Африкада «екіжүзді» мысық дүниеге келді (фото, видео)

Қытайда автокөлік сатып алған ер адам 10 қорап тиынмен есеп айырысты

АҚШ-та күйеу жігіт неке қию рәсіміне «көктен салбырап түсті» (видео)

Таиландта акушерлер жаңа туған сәбилерге Санта-Клаустың киімін кигізіп қойды (фото)

Талқылау