Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда автокөлік сатып алған ер адам 10 қорап тиынмен есеп айырысты

Қытайда кәсіпкер BMW автокөлігі үшін 70 мың юань (3 542 700 теңге) көлемінде алғашқы төлемін жүзеге асырып, 10 қорап тиынмен есеп айырысты, деп хабарлайды Pear Video басылымына сілтеп Stan.kz.

Хабарланғандай, клиент 10 қорап тиынды бірнеше жыл көлемінде жинап келген екен.

Клиент барлық тиынды үйінен автосалонға алып келу үшін, үлкен 10 қағаз қорап қажет болыпты. Дилерлік орталықтың қызметкерлеріне тыйындарды бірнеше сағат бойы санауға тура келген.

Сатып алынған автокөліктің жалпы құны 400 мың юаньді (20 244 000 теңге) құрайды. Кәсіпкердің қалғаны соманы қалай төлейтіні әзірге белгісіз.

Бұл Қытайдағы автокөлік үшін төлемді тиынмен жүзеге асырған алғашқы жағдай емес. 2015 жылы автокөлік сатып алған клиент 150 килограмм тиынмен есеп айырысқан еді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та күйеу жігіт неке қию рәсіміне «көктен салбырап түсті» (видео)

Таиландта акушерлер жаңа туған сәбилерге Санта-Клаустың киімін кигізіп қойды (фото)

Америкалық балаларының көзінше әйелін өлтіріп, оның басын тоңазытқышқа салып қойған

Көп қабатты кеңсенің қабырғасында «асылып қалған» Санта алматылықтарды күлкіге қарық қылды (фото)

Талқылау