Анасы 9 жасар ұлының қолынан ажал құшамын деп қорқып жүр
Кэролайн Льюистің 9 жасар ұлы Поли аутизм ауруына шалдыққан. Ол қолына пышақ, қайшы сынды өткір заттар түскен жағдайда, адам өлтіріп қоюы мүмкін.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды.
Поли бұған дейін де бірнеше рет анасын таяқпен ұрып, оны өлтіретінін айтып қорқытқан. Өз ұлының қолынан қаза болудан қорқатын Кэролайн үйдегі өткір заттардың бәрін тығып қоюға мәжбүр.
«Айтқаным сұмдық болып естілуі мүмкін, бірақ ұлым бір күні кісі өлтіре ме деп қорқамын», – дейді Кэролайн.
Полидің кез келген уақытта есірігі ұстап қалуы мүмкін. Алғашқыда қолына түскен затпен жақындарына қарай жүгіретін жеткіншек ақырында олардан өзін өлтіруді сұрайтын көрінеді.
Ата-анасы Полидің айықпас дертке шалдыққанын ол екі жаста болған кезде білген. Дәл осы кезде Поли алғаш рет қолына шаңышқы алып, мысыққа сұғып алыпты.
Дәрігерлер оның хайуаннан қорқып қалғанын, сондықтан да мысыққа тап бергенін айтқан. Ал төрт жасында оған аутизм диагнозын қойған.
Ал мектепте Поли мұғалімнің бас бармағын сындырып, өзінің қатарластарын буындырмақ болған. Ол небәрі төртте болғанда ата-аналар Полиді мектептен шығаруды талап еткен.
Өткен аптада Поли Клактондағы Мартин Фробишердің академиясынан шығарылды. Өйткені ұстаздар Полиге шамалары келмейтінін айтқан. Енді Кэролайн ұлына жалғыз өзі қарауға мәжбүр.
Кэролайн жергілікті билік өкілдерінен көмек сұрап, Полиді арнайы мектеп-интернатқа беруді өтінсе де, үш жылдан бері оның кезегі келер емес.
«Менің ұлым ертеңгі күні нағыз есі ауысқан адамға айналады. Ақылынан алжасқандардың ешкімге жаны ашымайды, олар өте ашушаң келеді. Тура менің балам сияқты. Ол өзге адамдарды түсіне алмайды. Егер мамандар оған шұғыл түрде көмек көрсетпесе, ол біреуді өлтіріп қояды.
Себебі ол мектепте өзін ренжіткен директорды, мұғалім мен сыныптастарын өлтіретінін айтып қорқытады екен. Ол үшін мектепке пышақ алып бармақ. Сондай-ақ, ол мектептегілердің бәрін атып өлтіру үшін қару алғысы келетінін айтыпты.
Бірақ бұл оның кінәсі емес. Сабасына түскен соң жасаған ісі туралы айтып берсем, ол қалай болғанын түсінбей отырады», – дейді Каролайн.
Жіберіп алмаңыз:
70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше жұмысын ары қарай жалғастырмақ
Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)
82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді
Араб жігітті ерекше сұлулығы үшін елден қуып жіберді (фото, видео)