Анасына қазақ тілін үйреткен қыздың видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)
Әлеуметтік желіде бастауыш сынып оқушысы анасына қазақ тілінен сабақ беріп жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Видео TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған.
"Сәлем, Қазақ елі. Бірінші сыныптарға демалыс басталды, бірақ мен жай отырмаймын. Мен анашыма ана тілінен сабақ беремін", – дейді кішкентай қыз.
Видеода оқушы қыз анасына өзін қазақша таныстыруды үйретеді. Сосын сөзді дұрыс айтқан анасының ынтасын бағалап, 5 деген баға береді.
"Кім жақсы оқыса соған бес, ал кім жаман оқыса соған екі. Аман болайық, Қазақ елі", – дейді бүлдіршін.
Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары қыздың қазақша таза сөйлегеніне таңғалып, ізгі тілектерін жаудырды.
@nuraiym.zhumabek ♬ оригинальный звук - jumajuma
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар