Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамның тегіне ұқсас барлық адамдарға хабарлама жібердім". Америкалықтар асырап алған қазақ баласы отбасын тапты

Америкалықтар асырап алған Тайлер (Талғат) Блоттер Facebook желісі арқылы Қазақстандағы туыстарын тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Жақсы жаңалық - бала кезінде Қазақстаннан асырап алынған Тайлер Блоттер (Талғат) туған бауырларымен қауышты. Оған Ерқанат Тасыбаев көмектесіп, бірнеше сағатта Павлодардағы отбасын тауып берді. Жарайсың, Ерқанат!», - деп хабарланды Facebook желісіндегі қазақстандық-америкалық қауымдастық парақшасында.

Тайлер өзінің басқалардан өзгешелігі оны бала кезден ойландырып, тіпті мұңға батырғанын жазған.

"Кім екенімді, қандай отбасыдан шыққанымды білмегенім үшін, айналамдағы адамдардан ерекшеленетінім үшін жылайтын едім. Өзімді өзім бағаламадым. Қазір мұндай ойлармен күресіп келемін. Мектепте оқып жүргенде өз отбасым, бауырларым туралы көп ойлайтынмын. «Қандай екен?» деп ойша елестететінмін", - деп жазды Тайлер Блоттер өзінің Facebook парақшасында

2020 жылы карантин басталғанда өз отбасын іздеп табуды мақсат етіп қойған.

"Туған анамның тегіне ұқсас барлық адамдарға хабарлама жібердім.



"Сіз мені танымайсыз. Бірақ, мына әйелді білесіз бе?" деп хат жаздым. Маған ешкім жауап бермеді. Тек бір адам қол ұшын созып, мені желідегі қазақстандық-америкалық қауымдастық парақшасына қосты, осы парақшаға өз оқиғаңды жаз деді.

2020 жылдың 24 шілдесінде түскі 1-де өз оқиғамды баяндап, пост шығарған едім. Санаулы сағатта-ақ телефоныма хабарлама толып қалды. Көптеген қазақтар маған көмектескісі келді.

Сол күні кешкі 5-те бір адам Қазақстанда мемлекеттік қызметте істейтін достары бар екенін, солар арқылы іздеп көретінін жазды.

Ал кешкі 8-де Сенің отбасың табылды» деп хабарласты. Мен, әрине, сенген жоқпын. Тіпті не ойларымды білмедім», - дейді кейіпкер. Осылайша Тайлер Қазақстандағы әпкесімен және бауырларымен бейнебайланыс арқылы сөйлескен.

Айтуынша, туған отбасы оны 16 жыл бойы іздеген.

"Балалар үйі мен туралы еш ақпарат бермеген. Олардың еш хабары болмаған. 16 жыл өткен соң биологиялық отбасыммен байланысып отырмын", - дейді ол.

 

Талқылау