Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән кешіне креативті шақырту жасаған Сәкен Майғазиев желіні шулатты (видео)

Сәкен Майғазиев тұңғыш рет Алатаудың бөктерінде жеке ән кешін бермекші. Қазіргі таңда әнші концертке қызу дайындық үстінде, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Алматы халқы Майғазиевтің ән кешін асыға күтті. Дәл осы себепті оңтүстік астана тұрғындары таласып-тармасып, концерт билеттерін бірнеше күнде жоқ қылды. Көптің сұрауы бойынша, Майғазиев екінші концерт ұйымдастыратынын хабарлады.

Қуанышты хабарға орай “Музарттың” серісі арнайы видео-шақырту түсіріп, инста-парақшасында жариялады.

Бейнежазбада Майғазиев бір топ қыздардың құрығына түсіп, олардың бірімен вальс билейді. Ретро стильде ән шырқап, концертке шақырады.

Айтпақшы 3000-ға жуық билеттің бірнеше күнде сатылып кеткенін ескере отырып, екінші концерттен қапы қалып кетпеулеріңізді ескертеміз!

Жіберіп алмаңыз:

Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Фанаттары Қайрат Түнтековке Apple-дің қымбат ноутбугын сыйлады (видео)

Қайраттың құпиясы: Айдарбекова ұлын таныту үшін қандай амал-айлаға баратынын айтты

Эдриан Броуди Шығыс Қазақстан туралы фильмге түсуі мүмкін

Талқылау