Америкалық бойжеткен 17 жылдан кейін Қазақстаннан өзінің биологиялық әке-шешесін іздеуде
Кішкентай кезінде асырауға берілген этникалық қазақ әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанда биологиялық ата-анасын іздестіруде. Америкалық Сара Найт, бұрынғы Әсем Асылбекова, шетелдік 17 жыл бұрын асыраушы қолына берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мен биологиялық анамды бұрыннан тапқым келеді. Мені Есік қаласындағы (Алматы облысы) балалар үйінен алып кетті. Әкемнің аты белгісіз, менің туу туралы куәлігімде ол жоқ. Биологиялық анамның аты - Саида Асылбекова. Менің құжаттарымда оның 1980 жылы туылғаны көрсетілген", - деп жазды бойжеткен Kazakh American Association (Қазақстан-Америка қауымдастығы) парақшасында.
Қыз 2002 жылы туылғанын және бір жылдан кейін оны АҚШ-тан келген отбасы асырап алғанын айтты. Ол өзінің ата-анасы туралы көп білмейді, туу туралы куәлікте әкесінің аты да жоқ деп жазады.
Басылымға қоғам қайраткерлері мен Есік қаласының тұрғындары да бейжай қарап қалмай пікір білдірді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған