Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Амалсыздан көніп тұрған сияқты": Актриса Салтанат Серкебаеваға сырға салынды

Танымал актриса, әнші, тележүргізуші Салтанат Серкебаева ұзатылды. Тойға актрисаның өнердегі әріптестері келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Құдалық той мен сырға салу рәсімі қатар өтті. Тойға актрисаның өнердегі әріптестері келді. 

“Құдалық, сырға салу, қыз ұзату… Қазақтың әдемі дәстүрі көп қой. Тиісінше туған-туыс, жақындармен жиі бас қосамыз. Кейде бірақ, артық қыламыз деп, ысырап қылып, шашылып та кетеміз… Бүгін әріптесіміз, сіңліміз Салтанаттың қуанышына ортақтасамыз деп, ерекше сүйсініп, риза болып қайттым. Әдемі үш дәстүрімізді бір күнге біріктіріп, бізді де сыйлап шақырды. Әдетте құдалық пен сырға салуға тек туғандар жиналады ғой. Ал бүгін сырғалымның “сырғалым” атанған сәтіне баршамыз куә болдық. Келін түсіріп, қыз ұзату бәрімізге жұғысты болсын!”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 



Желі қолданушылары сүйікті актрисаларына бақыт тілеп, сырғасына құтты болсын айтып жатыр. Кейбір оқырман актрисаның қатты қобалжып тұрғанын да байқаған.

“Неге түрі амалсыздан көніп тұрған сияқты”, “Қатты қобалжып тұр екен, денесін бос ұстаса жылап жіберейін деп тұр”, “Салтанат той жасаған мейрамханада жұмыс істеймін. Ол бастан-аяқ көңілді жүрді”, “Мінезі бетіне шығып тұр”, “Екінші аттаған босағасы баянды болсын” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Талқылау