"Алтын Орда" базарында азық-түлікті қымбат бағаға сатып келген 7 кәсіпкер жауапқа тартылды

"Алтын Орда" базарындағы 7 кәсіпкер делдалдықпен айналысып, әлеуметтік маңызы бар тауарларды шамадан тыс қымбат бағаға өткізіп келген. Осы әрекеттің кесірінен азық-түлік бағасы негізсіз көтерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, базардағы 7 тиімсіз делдалдың жұмысы қазір тоқтатылған.
“Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы бақылау жұмыстары барысында бірқатар ірі сауда субъектілерінің заң талаптарын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, ЖК "Омаров", "Iceberg Distribution" ЖШС және "Ар Диас" ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатып алып, оларды басқа сауда субъектілеріне 17%-дан 86%-ға дейінгі негізсіз сауда үстемесімен қайта сатқан”, – деді ведомство.
Министрлік заң талаптарын бұзған субъектілерге айыппұл салынғанын алға тартты.
“Алтын Орда" базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуіне әсер еткен 7 тиімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды.
Қазіргі уақытта өңірде өндірушілер мен ірі жеткізушілердің тізімі қалыптастырылып, электрондық шот-фактуралар арқылы делдалдық схемаларды анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар нарықтағы ашықтықты арттыруға, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде 171 сауда нысанына қатысты 643 әкімшілік хаттама толтырылып, 3,4 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Оның ішінде 467 дерек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына рұқсат етілген үстемеақыны асыруға қатысты болса, 176 жағдай сауда заңнамасын бұзумен байланысты.
Тексеру барысында бір сауда желісі, бір көтерме сауда орны және 11 кәсіпкердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 40%-дан 203,8%-ға дейін негізсіз үстеме қосқаны анықталған
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Оқыңыз