Ұлытау облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республикадағы үздік өңірлер қатарынан көрінді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері қаралды. Жиында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары бағаланып, өңір бірқатар негізгі бағыт бойынша республикадағы көшбасшылар қатарынан көрінді.
2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Ұлытау облысындағы экономиканың өсуі 17 пайызды құрап, бұл көрсеткішпен өңір Қазақстан бойынша 2-орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, жекелеген салалардағы даму қарқыны бойынша Ұлытау облысы республикада 1-орынға шықты. Атап айтқанда:
- құрылыс жұмыстарының өсуі – 3,3 есе,
- жеке инвестициялар көлемі – 2,2 есе.
Ал тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша өңір 14 пайыздық өсіммен республикада 3-орынды иеленді.
Бұл нәтижелер Ұлытау облысында инвестициялық белсенділіктің артып, құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын және өңір экономикасының тұрақты өсімін айқын көрсетеді.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады