Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті баспанасыз қалғанын мәлімдеді

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен
Фото: © AP Photo / Ahn Young-joon

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен жалғыз пәтерін сатып, ресми түрде баспанасыз қалғанын мәлімдеді. Бұл қадам арқылы ол елдегі тұрғын үй нарығын тұрақтандыру саясатына қолдау білдіруді көздеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен жалғыз пәтерін сатып, ресми түрде баспанасыз қалғанын айтты. Yonhap агенттігінің мәліметінше, президент Сеул маңындағы Соннам қаласында орналасқан жалғыз пәтерін биылғы ақпанда сатылымға қойған. Мұндай қадамға ол елдегі жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға бағытталған саясатқа халықтың сенімін арттыру мақсатында барған.

Қазір Оңтүстік Корея билігі өздері тұрмайтын баспананы иеленіп отырған азаматтарды оны инвестиция немесе алыпсатарлық мақсатта ұстап отырмай, сатуға ынталандыратын саясат жүргізіп жатыр.

Үкімет осылайша тұрғын үй қорын көбейтіп, бос тұрған пәтерлер мәселесін шешуді көздейді. Билік мұндай баспаналардың сатылмай сақталуы елдегі жылжымайтын мүлік бағасының қалыптасуына кері әсер ететінін айтады.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы министрі әрі экс-президенттікке кандидат Ұлықбек Кочкоровтың АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүргені туралы видеосы тараған еді. Көпшілік оның мемлекеттік қызметтен кейінгі өміріне таңғалып, қызу талқылаған. Видео кадрларында оның көліктің жүксалғышына сәлемдемелер тиеп жатқанын көруге болады. Видео авторы экс-шенеуніктің Amazon компаниясында курьер болып жұмыс істейтінін айтқан. Желі қолданушыларының бір бөлігі Кочкоровты қолдап, адал еңбек етіп жүргенін атап өтті. Ал енді бірі оның Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтегі жұмысын еске алды. Улукбек Кочкоров бұған дейін Қырғызстан парламентінің депутаты болған, 2017 жылы президент сайлауына қатысқан. Сондай-ақ 2018–2020 жылдары елдің еңбек және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2026 15:35