Қырғызстанның бұрынғы президентке кандидаты АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр

Қырғызстанның бұрынғы министрі әрі экс-президенттікке кандидат Ұлықбек Кочкоровтың АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүргені туралы видеосы тарады. Көпшілік оның мемлекеттік қызметтен кейінгі өміріне таңғалып, қызу талқылауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео кадрларында оның көліктің жүксалғышына сәлемдемелер тиеп жатқанын көруге болады. Видео авторы экс-шенеуніктің Amazon компаниясында курьер болып жұмыс істейтінін айтқан.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Кочкоровты қолдап, адал еңбек етіп жүргенін атап өтті. Ал енді бірі оның Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтегі жұмысын еске алды.
Улукбек Кочкоров бұған дейін Қырғызстан парламентінің депутаты болған, 2017 жылы президент сайлауына қатысқан. Сондай-ақ 2018–2020 жылдары елдің еңбек және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарған.
Соңғы бірнеше жылда ол отбасымен бірге Чикаго қаласында тұрып келеді. Қазіргі таңда қоғамдық-саяси қызметпен айналыспайды және АҚШ-қа көшуі мен қазіргі жұмысына қатысты пікір білдірмеген.
"Демек, адал шенеунік болған. Әйтпесе қазір ұрланған ақшамен өмір сүрер еді", "Бұл – Ұлықбек Кочкоров. Мен сияқты жат жерде жүріп, адал еңбек етіп жүр", "Жақсы адам. Бір сапарда бірге болғанбыз. Өзін мәдениетті ұстайтын, әр сөзін орнымен айтатын адам", - деп жазды желі қолданушылары.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Оқыңыз