Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда өткен марафонда шенеунік жарысқа қатыспаса да нәтижеге өз атын жазғызған

марафонда шенеунік өтірік атын жазған
Фото: pixabay.com

Ақмола музейі директорының орынбасары Анар Дүсенбай жарыста басқа спортшыны өз орнына жіберді деген айыппен жанжал ортасында қалды. Даулы жағдайға байланысты оған тек тәртіптік жаза ретінде тек сөгіс берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға былтыр ақпанда Бурабайда өткен BURABAY ICE жүгіру жарысында болған. Бұл жағдай туралы жарысқа қатысушы Арай Шегебаева мәлімдеді. Оның айтуынша, жарыстың қорытынды хаттамасында елеулі құқық бұзушылықтар болып, нәтижелер әдейі ауыстырылған.

Шегебаева өз сөзінде жарыс кезінде ешкімді алға жібермегенін, алайда фиништен кейін хаттамада өзінің алдына мүлде жарыста болмаған басқа жүгіруші енгізілгенін байқағанын айтты.

"Екінші жыл қатарынан хаттамада менің алдымда Көкшетаудан келген спортшы көрсетіледі. Бірақ ол шын мәнінде менің алдымда жүгірген жоқ. Бұл жағдай көңіл-күйімді қатты түсірді. Мен алдыңғы қатардан старт алдым. Алдымда кім жүгіргенін анық көріп отырдым. Финишке дейін ешкімді оздырған жоқпын. Бірақ кейін хаттамада менің алдымда Анар Дүсенбай көрсетілгенін көрдім", – деді ол.

Ұйымдастырушылар ішкі тексеріс жүргізіп, трассадағы фотолар мен қатысушылардың материалдарын қарап шыққан. Нәтижесінде хаттама қайта қаралып, бірқатар қатысушы дисквалификацияланды. Ал Шегебаеваға жалпы есепте үшінші орын берілді.

 "Ұйымдастырушылар толық тексеріс жүргізіп, трассадағы фотоматериалдарды қайта қарап шықты. Нәтижесінде Мерей Өмірсерікке тиесілі адам жарыс кезінде басқа біреудің нөмірімен жүргені анықталған фото дәлел ретінде табылған. Осылайша нөмірдің басқа спортшыға берілгені расталды. Қалай және қай сәтте болғаны нақты белгісіз, бірақ жағдай әдейі ұйымдастырылғандай көрінеді. Қазірге дейін бұл жағдай мені таңғалдырмай қойған жоқ", – деп қосты ол.

Адвокат Төлеген Шайқов бұл жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінген. Алайда тексеріс қорытындысы бойынша іс тәртіптік жазаға ғана тіреліп, сөгіс берумен шектелген.

"Адамдар адал жүгірді. Ал ол өз орнына басқа спортшыны жіберіп, өзі марапатқа шыққан. Мен бұл бойынша агенттікке жүгіндім. Олар істі музейге жолдады. Ал музей тек сөгіс берді. Сіздердің ойларыңызша, бұл жеткілікті ме?" –  деп жазды Шайқов.

Stan.kz
Жұма, 29 Мамыр, 2026 17:57