Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтыналмас" АҚ Степногорск қаласында жаңа стадион салады

Көкшетауда "Алтыналмас" АҚ компаниясы мен Ақмола облысының әкімдігі арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және өңірдің маңызды мәселелерін шешу шеңберіндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Алтыналмас АК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Джуманбаев өкілдік еткен Компаниялар тобының акционерлері Степногорск қаласында құны 6 млрд теңге құрайтын жаңа стадион салу туралы шешім қабылдады. Жобада қолданыстағы стадионды бөлшектеу және жүгіру жолдары мен футбол алаңының жабындарын, жылы жеңіл атлетикалық манежі бар 2000 адам сыятын мінберлерді, арнайы спорт ғимараттарын, электрондық табло мен бейнеэкранды және т. б. ауыстыра отырып, жаңасын салу көзделген. Сондай-ақ, жүру жолдары мен алаңдарды абаттандыру жүзеге асырылады.

Іс-шара барысында тараптар ынтымақтастық негіздері туралы пікір алысып, болашақ жоспарларын талқылады.

Өңір басшысы өз сөзінде оқиғаның маңыздылығын атап өтті:  

"Біздің ұсынысымызға жауап берген және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысымызға көптеген қаржылық жобалармен көмектесетін "Алтыналмас АК" АҚ басшылығына алғыс айтқым келеді. Тұрғындар Сіздің әлеуметтік салаға және аймақтың дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды. Осы жобаны енгізумен біздің қалалар одан да әдемі әрі заманауи болады", - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

"Біз жыл сайын мекемеміз қызмет ететін аймақтарға әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың тұруы үшін неғұрлым қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау – компаниялар тобы мен оның акционерлерінің басты басымдығы", - деп "Алтыналмас АК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Джуманбаев атап өтті .

Компаниялар тобының акционерлері тұрақты даму қағидаттарын ұстана отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау саласындағы саясатты іске асырады, өйткені бұл мекеме қызмет ететін өңірлердің тұрғындары үшін әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Талқылау