Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын Орда" базарындағы дау: Сауда кешенінің заңсыз жолмен иесі ауысқан

"Алтын Орда" базары төңірегіндегі дау басылар емес. Құқық қорғаушылар ірі сауда орны басқаның қолына заңсыз өтіп кеткенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

Алтын Орда

Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі тергеген кезде заң сақтамаған. Құзырлы орган биыл 11-ші сәуірде рейдерлікпен басып алу фактісімен қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Алайда заңгерлер 1998 жылы мекеме құрылған кезде арызданушылардың құрылтайшылар қатарында болмағанын айтады. Мәселен, Әлпиев 2001-2005 жылдар аралығында ғана тізімде болса, Хусайынов құрылтайшылар қатарына мүлдем кірмеген. Қазір осы азаматтар базарға иелік етеді. Құқық қорғаушылар қылмыстық іс нормасы өрескел бұзылып, айналасы сегіз күннің ішінде ірі сауда кешені басқаның қолына өтіп кеткен дейді.



“Қылмыстық істің бір процессуалдық мерзімі болады ғой. Тергеуде қаралу мерзімі болады. Онан кейін прокуратураға өтеді. Одан ары қарай сотқа өтеді. Шынымен рейдерлік жолмен тартып алған болса, сот арқылы барлығы анықталып, тиісті құқықтық баға берілуі керек қой”, – дейді заңгер Ләззат Ақатова.

Еске салайық, биыл ақпан айында Мемлекет басшысы Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын

Талқылау