Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын әкеліп, әнұран шырқатсаң да жақпайсың": Ерке Есмахан халыққа ештеңе ұнамайтынын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан халық арасында хейттің өршіп тұрғанына алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Әлеуметтік желіде әнші оқырмандарымен сырласып, түрлі сұрақтарға жауап берді.

"Халық хейтке жатып алған. Адамдарға неге дым ұнамайды?" деп жазған оқырманының сұрағын жауапсыз қалдырмады.

“Қазір отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың. Неге қасында, неге артында деп кез келген нәрсені іліп кете береді екен. Бұл елге алтын әкеліп, елдің атын шығарып әнұранды шырқатсаң да жақпайсың", – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі мәселеге жеңіл қарап, мән бермеуге, сабырлы болуға үндеді. 

“Айтарым, хейтке немесе біреудің сөзіне бір тал жүйке талшығын құртуға болмайды. Өз қалауыңмен, өз рахатыңа өмір сүр. Анау-мынау сөзден аса алмай жүрген жандар болса, міне, сіздерге үлкен сабақ. Сөз ешқашан бітпейді!" – деді эстрада әншісі.  

Еске салайық, өнер иесі баал күнінде шашының жиі сіркелейтінін айтып, елді күлдірген еді. 

Талқылау