Алмазбек Атамбаев емделу үшін Испанияға кетті
15 ақпанда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға кетті. Әрі қарай ол ота жасату үшін Испанияға барады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Sputnik-Қырғызстанның мәліметінше Атамбаев ұлы Қадырбек Атамбаевпен бірге кетіпті.
Саясаткер түрмеден босатылған соң елден ұшып кете алды. Бішкектегі Бірінші май аудандық соты экс-президентке емделу үшін Қырғызстан аумағынан шығуға рұқсат берген. Оған кем дегенде бір рет ота жасау керек.
Атамбаев Молдовановка ауылындағы түзету мекемесінен шыққан соң елге қайта оралатынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Испанияға үкімет басшысының шақыруымен бара жатқанын да қосып өтті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"