Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке кабинет пен ішімдік: Ермегияев экс-прокурордың арқасында түрмеде шалқып өмір сүрген

Алматының экс-прокуроры түрмеде отырған Талғат Ермегияевпен етене жақын болғаны үшін қызметтен қуылған. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілер осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматының экс-прокуроры қылмыскер Талғат Ермегияевпен араласқаны үшін қызметтен қуылған

“Алматының бұрынғы прокуроры Миразов абақтыдағы Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатып, прокуратураның беделін түсірді. Осы әрекеті үшін ол қызметтен босатылған. Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Сәрсенов те Ермегияевтың өтініштерін бұлжытпай орындағаны үшін жұмыстан қуылды”, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Аниятулла Сәрсенов Ермегияевтың сұрауымен Ақмола облысындағы түрмелерді керек-жарақпен қамтитын «Еңбек» кәсіпорнындағы қаржылық шикіліктерді жасырып қалған. Ал Алматының прокурорына келсек, ол биыл ақпанда қызметтен қуылған еді. Бастапқыда Бас прокуратура Ғабит Миразовтың не бүлдіргенін ашып айтпай, тек «тәртіп бұзды» деп, қысқа қайырған. Сөйтсе, оңтүстік астананың бас прокуроры екі жыл бұрын «қазына қаржысын жымқырды» деген айыппен 14 жылға сотталған ЭКСПО-ның экс-төрағасымен байланысын үзбеген.

Осыған қарағанда, ол Ермегияевтың қапаста шалқып өмір сүруіне де септігін тигізген секілді. Себебі, ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы үшін абақтыда арнайы кабинет жасақталып, оның қалаған уақытында жақындарымен кездесіп, тіпті камера ішінде алькогольдік ішімдік ішкені өткен жылдың аяғында әшкере болған-ды. Бұл былық анықталғаннан кейін түрменің бастығынан бастап 15 қызметкердің жауапқа тартылғанын айта кетейік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау