Алматылықтар Әл-Фараби даңғылында қоршау бөлгіштер орнатуды сұрайды

Алматылықтар үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылында қоршау бөлгіштер орнату туралы петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
e-Petition порталында 21 наурыз күні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов бульварының қиылысында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына байланысты петиция жарияланды.
“Қайғылы жағдайдың негізгі себебі – Әл-Фараби даңғылының осы бөлігінде арнайы жол қоршау бөлгіштерінің болмауы”, – деп жазды петиция авторы.
Автор өз уәждерін жолдың сипаттамаларымен негіздейді.
Әл-Фараби даңғылы – сегіз жолақты, қозғалыс қарқыны жоғары магистраль, мұнда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырымға дейін жетеді.
Мұндай жағдайда, 2368-2013 ұлттық стандартына сәйкес, қарқынды қозғалысы бар жолдарда қоршау бөлгіштер орнатылуға тиіс.
Сондай-ақ ол 2025 жылы 25 қарашада осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы болғанын еске салып, бұл Әл-Фараби даңғылында қауіпсіздікке қатысты жүйелі мәселе бар екенін көрсететінін атап өтті.
Қазірге дейін петицияға 63 адам қол қойған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда болған жол апатында бірнеше адам қаза тапты. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қызметінен босатылды.
Дегенмен қоғамда резонанс тудырған істен соң Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов лауазымы, байланыстарына қарамай кінәлілер жазадан құтыла алмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Оқыңыз