Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке деректер тараған жағдайда қазақстандықтарға енді хабарлама келеді

Жеке деректер хабарлама
Фото: magnific.com

Қазақстандықтар дер кезінде қорғану үшін жеке деректерінің таралғаны туралы уақытылы хабардар болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзгерістер азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы конституциялық норманы дамыту үшін енгізіліп отыр. 

Заң жобасында дербес деректер операторларының классификациясы енгізіледі. Олар өңделетін ақпарат көлеміне және сын-қатерлер деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Тиісінше, мұндай операторларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Ірі компанияларға қатаң талаптар қойылады. Осылайша, дербес деректер саласында сын-қатерге бағдарланған реттеу моделі енгізіледі.

Сондай-ақ таралып кеткен дербес деректер тізілімі енгізіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйе аясында әрбір азамат өзінің қай дербес дерегі ашық қолжетімділікте болуы мүмкін екенін немесе тарап кетуге байланысты қиындыққа ұшырауы ықтимал екенін тексере алады. Бұл адамдарға өз деректерін қорғау бойынша дер кезінде шара қабылдай алады.

Қосымша дербес деректерді жариялау және алмасу кезінде оларды қорғау талаптары күшейтіледі:

  • Құжаттарды ашық жариялау міндетті болған жағдайда дербес деректерді бүркеу және хеш-код пайдалану;
  • Операторлар арасында алмасу кезінде дербес деректерді шифрлау.

Сонымен қатар азаматтардың дербес деректерін көпшілікке ашық көздерде жариялауға келісім беру талаптары нақтыланады. Енді келісімде адамның өз дербес дерегін ашық жариялауға рұқсат беретіні не бермейтіні бөлек көрсетілуге тиіс.

 Бұдан бөлек, цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне мемлекеттік бақылау жасау функциялары қайта бөлінеді. Мұндай объектілерді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басқарады. Бұл ретте мемлекеттік бақылау функцияларын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру ұсынылады. 

Бұған дейін Қазақстанда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке дерегі тарап кеткен еді. Ведомство мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарынан қызметкерлердің жеке деректері анықталған. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс телефон нөмірлері болған.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 12:59