Алматыдағы 3 адамның өмірін қиған жол апаты: Іс мамыр айында сотқа жолданады

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігімен болған жол апатына қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат ы Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша негізгі сараптамалар дайын. Ал қажет тергеу әрекеттері жақын екі аптада толық аяқталады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатыны айтылды.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Алматыда болған жол апатында бірнеше адам қаза тапты. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қызметінен босатылды.
Дегенмен қоғамда резонанс тудырған істен соң Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов лауазымы, байланыстарына қарамай кінәлілер жазадан құтыла алмайтынын мәлімдеді.