Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға көлікті 5 минуттан артық қыздыруға рұқсат етіледі

Қыста қазақстандықтарға көлікті қа қыздыруға ресми түрде рұқсат беріледі. Ішкі істер министрлігі еліміздегі аязды ескеріп, көлікті қыздыру уақытына шектеу қойып айыппұл салуды алып тастауды қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұрынғы ережелерге сәйкес 5 минуттан артық көлік қозғалтқышын қосуға тыйым салынған еді. Енді мәжілісте бұл шектеуді елді мекендерде алып тастау ұсынылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ведомство бұл өзгерістерге қарсы емес екенін растады.

"Иә, бұл мәселе талқыланды. Қызметкерлер тобы болды. Қысқаша айтқанда, Ішкі істер министрлігінің ұстанымы – бұл ұсыныстар қолдау табады", – деді Санжар Әділов.

Тек "Тұрғын аймақ" белгісі бар аулаішілік аумақтарда ғана шектеу өзгермей қалады. Себебі мұнда көліктен шыққан түтін бірінші қабаттағы терезелерге тікелей таралуы мүмкін.

 Бұған дейін Қазақстанда аулада көлік қыздырғаны үшін қанша айыппұл салынған еді. 

2024 жылдың соңында көлікті ұзақ уақыт қыздығаны үшін айыппұл салу мәселесі елде қызу талқыланды. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, көліктің қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздыруға және тұрғындарға қолайсыздық тудыруға болмайды.

Егер мұндай құқықбұзушылық тіркеліп, шағым ресми түрде рәсімделсе, көлік иесіне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 2025 жылы 19 660 теңгеге тең. Ал бір жыл ішінде қайталанса, жаза көлемі 10 АЕК-ке дейін өседі, яғни 39 320 теңге (2025 жылдың соңына дейін) болады.

2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін өсетіндіктен, айыппұл көлемі да сәйкесінше артады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 11:28