Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)
Таяуда Алматыда ресейлік әнші Бастаның ән кеші өткен еді. Кеште қала тұрғындарының бірі сүйіктісіне ұсыныс жасап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматылық Мұрат Әбдіғаниев әнші Бастаның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады. Жігіттің бұл әрекетін әнші де қолдады. Алматылық сахнада тізерлей отырып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде Баста жанында гүл шоғын ұстап тұрды.
«Маған тұрмысқа шықшы», – дейді жігіт видеода.
Жігітінің мұндай әрекетіне таңданған бойжеткен қуанышын жасырмай, оның ұсынысына келісімімен жауап берді.
Оқи отырыңыз:
Талдықорғанда полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаға тартылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің мал бағып жүргені анықталды
Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінің күзетшілері ер адамға жабылып, себепсіз ұрып тастаған
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар