Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушы 8 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

16 жастағы оқушы 8 жасар қызды педофилден құтқарып қалды.

Астанада 20 батыр баланы Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың өзі марапаттады. Олаға естелік сыйлықтар мен диплом табысталды, деп хабарлайды bnews.kz.

Солардың ішіндегі Қуаныш есімді оқушының ерлігін айтпай кетуге болмайды. Ол кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіп, көмекке ұмтылған. Бейтаныс ер адам  қызды жертөлеге қарай сүйрейді. Сол кезде жас жігіт жүгіріп барып, қызды құтқарады. Кейіннен көмекке бірнеше адам жиналған. Олар полиия келгенше күдіктіні ұстауға көмектесті.

“Ер адам қызды зорламақ болды. Оның киімі болған жоқ. Жалаңаш жүрді. Мен тіпті қорқу туралы ойлаған жоқпын. Менің орнымда болған барлық адам солай жасар еді. Қыздың туыстары маған алғысын айтып жатты. Біреуге жақсылық жасағанда өзіңді жақсы сезінеді екенсің”, – дейді Қуаныш Мейрамбекұлы.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Қазақ қызы Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды (фото)

Гарри Ханзада мен актриса Меган Марклдың некелесу салтанаты өтті

Талқылау