Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны такси жүргізушісінің адам шошырлық қылығын айтып берді

Алматы тұрығыны көшеден ұстаған таксиге отырып қауіпті жағдайға тап болған. Әйелдің сөзінше, такси жүргізушісі есірткі қолданғанға ұқсайды. Себебі, оның қылықтары мен жолаушының сұрағына берген жауаптары ерекше күлкілі әрі қорқынышты болған,-деп жазады Stan.kz сайтының тілшісі.

такси

Алматы тұрғыны Әлия қаланың орталығынан сіңлісі мен күйеу баласын ертіп Барахолка базарына қарай шыққан. Жолға шығысымен қоғамдық көлікке мінгілері келместен, такси тоқтатады.

«Біз тұрған жерде көлік көп болды. Қолымды көтере қалып едім, жүйткіген жеңіл көлік алдыма келіп тоқтады. Ойымда ештеңе жоқ. Болса «жолаушыға таласып тұрған түрі шығар» деп ойладым. Межелі жерге келістік. Ал, отырғаннан кейін қызықтың бәрі басталды. Жол апатына түсіп, өлген жерім осы шығар деп ойладым»,-дейді қала тұрғыны.

Такси жүргізушісі үш жолаушыны отырғызып алғаннан кейін ешқайсысын тыңдамай, өте қауіпті жерлермен жүрген.

«Жасы қырықтан асқан азамат. Алдыңғы орындыққа күйеу балам отырды. Артына сіңлім екеуміз жайғастық. Таксиіміз кептелісте тар жерлермен, жол жиегіндегі жаяу жүргінші жолымен жүйткіді. Басында ертерек жеткізіп тастағысы келген шығар деп ойладым. Сонда да «Асықпасаңыз болады» деп қойдық.

Бір кезде көлік аз жерге жеттік. Бір бағытта жалғыз келе жатса да жолдың оңы мен солына шайқатылып жүре бастады. «Мұныңыз қалай, қорқып отырмыз. Дұрыс жүргізіңіз немесе осы жерден қалдырыңыз» дедік. Берген жауабы « Мен қаладағы №1 таксимын. Қорықпаңыз» деп қояды да, қарқылдап күліп рөлін қойып жіберіп, жанындағы күйеу баланы басынан қос қолдап ұстап, сүйіп қояды.

Бір кезде ашуға мініп «қазір полицияға хабарласамын дедім» Аздап басылғандай болады. Сіңлімнің қан қысымы көтеріліп кетті. Күйеу балам да үндемей отыр. Сол кезде жазым болсақ не болар еді»,-деп таң қалды қала тұрғыны.

Жауапсыз такси жүргізушісі үш жолаушысын жол бойы түсірмеуге тырысқан. Тіпті «Ақысын төлейік, осы жерден қалдыршы» деп жалынғандарына көнбеген.

«Бір кезде жол бойында такси ұстап тұрған қызды баса жаздап қасына тоқтады. Түсіп қалуға оқталып жатқан жерімізден тағы да бар жылдамдықпен жүріп кетті. Жол бойы жанымызды шүберекке түйіп отырдық.

Межелі жерге барғаннан кейін аман-сау түсіп қалғанымызға қуандым. Жарты күн тізем дірілдеп, су ішсем де қорқынышым басылмай қойды. Жүкті келіншек немесе жүрегі нашар адам болса жағдайы қиын болатын ед»,-дейді қала тұрғыны Әлия.

Әлия Бегімбет такси ішінде отырып полицияға хабар беруге қорыққан. Себебі, тура бір есірткі тұтынған адамдай ұстаған жүргізуші өздерін алып қашуға дайын деп түсінген. Межелі жерге жеткеннен кейін таксидің номеріне қарап үлгермеген. Қорқынышты жағдайдан аман қалғанына қуанған ана азаматтарға такси қызметін арнайы шақыртып барып қолдануға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Елдің таңдайын қақтырған 3 жасар Ерасыл қалай цирк әртісіне айналды? (фото, видео)

Қалыңдықтың көйлегі-2500 доллар: Шымкенттегі биылғы той трендтері (фото)

Тыңдармандар Нұрмұхаммед Жақыптың әнін Қайрат Нұртастікіне ұқсатты (видео)

Еркін Нұржанов музыка өшіп қалса да әнін жалғастырып халықты қуантты (видео)

Айқын “Әйелімен ажырасып, тоқал алды” дегендерге жауап берді

Талқылау