Алматыда жұмбақ күйде жоғалған 19 жастағы қыздың өлтірілгені анықталды
Алматыда бойжеткеннің жоғалуына қатысты жедел-тергеу тобы іздеу жұмыстарын жүргізді. Қыздың Б. есімді досынан жауап алынды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2000 жылы туған Б. есімді досы қыз жоғалғанға дейін онымен бірге болған. Оның жауабы қолда бар мәліметке сәйкес келмеген.
Досының қыздың жоғалуыны қатысы бары анықталды. Кейін ол қызды өлтіріп, денесін жасырғанын мойындады. Қызды кентке жақын маңда өлтірген. Оны өлтіруге қызғаныш себеп болған.
Досы мен қыз ұрысып қалып, соңы өліммен аяқталған. Қылмысын жасыру үшін жігіт қыздың денесін көміп тастаған. Ата-анасына жалған айтып, қыздың қалаға кеткенін айтқан.
Алматыдағы Әуезов аудандық полицейлері адам өліміне қатысты тергеу жүргзіп жатыр. Б. есімді жігіт қамауға алынды. Қылмыстық іс Қарасай аудандық полицейлеріне беріледі. Оқиға сол жерде болған.
Бұған дейін 19 жастағы қыздың жұмбақ күйде жоғалғанын хабарлаған едік. Оның жоғалғаны туралы полицияға 25 қаңтарда арыз түсті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.