Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерге ескерткіш қойылды

28 тамыз күні «Не Молчи» қозғалысының Алматыда өткізетін конференциясы алдында ескерткіш қою туралы бастама көтерілді.

3103388

Ескерткіш – жолдасының қолынан қаза болған әйелдің бейнесі. Мақсаты қоғамды әйелдерге жасалып жатқан қорлыққа назар аударту, деп жазады Sputnik.

Қазфем тобының белсенділері әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсетуге қарсы күреседі. Әйелдерге психологиялық, медициналық көмек көрсетеді.

3103164

«Зардап шегушілерге қарсы күресетін құрылымдар жұмыс істемейінше, біз қоғамның теңдігі мен денінің саулығы жайында айта алмаймыз. Әйелдер үйі мен көшеде өзін еркін сезіне алмайды. Сотқа жүгіне алмайды», – дейді топ белсенділері.

3103104

Былтырғы жылы болған сот шешімдеріне қарап жәбірленушілердің өзін қорғауы әлі де қиын екенін түсінуге болады. Жәбірленушілердің айтуынша, тұрмыстағы зорлыққа қатысты сот орындары арыз қабылдағысы келмейді. Тексеру жүргізіп, сараптама тағайындамайды. Әйелдер ер адамдарды жазалайтынына сенбегендіктен соңына дейін күреспейді.

Қазақстанда 3 шілде күні ҚР Қылмыстық іс кодексі Әкімшілік кодекске ауыстырылды. Ол бойынша денсаулыққа жеңіл жарақат салғаны үшін 23 мыңнан 39 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтін болды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда 35 мыңға жуық талапкер білім грантына ие болды

Жоғалып кеткен Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отырғандарға бейнеүндеу жолдады (видео)

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Талқылау