Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз терезеден құлап, көз жұмды

Полиция көлігі
Фото: magnific.com

Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған.

Марқұм қыздың анасының айтуынша, қызы осы тұрғын үй кешеніне тұратын құрбыларына қонаққа барған. Анасы оған телефон шалған кезде, қыздардың алкогольді ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ұрысқан.

Куәгерлердің айтуынша, қыз жігітіне телефон шалып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, қыз терезеден құлап кеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады. 

"Аталмыш дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда осыған ұқсас жұмбақ жағдайда 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның өлімі бойынша істі тергемейтін болғаны туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов те Ақнәр Гүлстанның өлімі бойынша істе ешкім күдікті деп танылмағанын хабарлады. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 10 Тамыз, 2026 21:35